Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық тұрғыннан "синтетика" тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында жалдамалы пәтерден эфедрон деп аталатын психотроптық заттың 123 грамнан астамын тәркіледі.

Күдіктінің көрсетуі бойынша Петропавлдың шет жағында жасырылған есірткі қоймасы табылды. Онда да аса ірі көлемдегі психотроптық зат болған. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы 276 грамнан асты.

Бұған дейін жас петропавлдық осыған ұқсас қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол қайталама құқық бұзушылық жасаған. Сот оған қатысты бұлтартпау шарасын — келу міндеттемесінен қамауға алуға өзгертті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 279-бабы 3-бөлігіне сәйкес күдіктіге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру