Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық полицейлер әлемдік додада жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық полицейлер әлемдік додада жүлделі орындарға ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7–9 қараша аралығында Ресей Федерациясының Рязань қаласында қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионаты өтті. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл байрақты бәсекеде 22 елден келген 154 спортшы өзара сынға түсті.

Аталған чемпионатқа Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері де қатысып, жоғары шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, олар ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 73 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Қуандық Бекназаров қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ 97 келі салмақта полиция капитаны Эльдар Мұхитов күміс медаль жеңіп алса, 67 келі салмақта полиция аға лейтенанты Елдар Отаралы үздік үштіктен көрініп, қола жүлдегер атанды.

Құқықтық тәртіп пен ел тыныштығын қамтамасыз етумен қатар, халықаралық аренада да еліміздің абыройын асқақтатып жүрген тәртіп сақшыларына жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру