Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгері әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгері Арман Тұрымбетов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7–10 қараша күндері Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 50 жылдық мерейтой әлем чемпионаты өтуде.

Жарысқа әлемнің 70 елінен 650-ден астам спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына спорттық самбо, жауынгерлік самбо және көру қабілеті шектеулі спортшыларға арналған самбо бойынша 31 медаль жұбы сарапқа салынған.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкері қатардағы Арман Тұрымбетов жеке біріншілікте жоғары дайындық деңгейі мен ерік-жігерін танытып, 58 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Арман Тұрымбетов жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтеріліп, самбо спортындағы жетекші державалардың қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру