Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдықтар Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

Жамбылдықтар Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қаза тапқан күніне арнайы еске алу шараларын өткізеді. Дәстүр бойынша биылғы еске алу күні Б. Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қ.Сұлтанбаев, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

— Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған полиция қызметкерлерінің есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ішінде террористі құрықтау кезінде өз кеудесін оққа тосып, көзсіз ерлік көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасов бар. Оның жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа, әріптестеріне мәңгілік үлгі-өнеге болып қала бермек, - деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, аспанға оқ атылды. Сондай-ақ бұл күні Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — батыр полицейдің әріптестері оның қайтыс болған жеріне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру