Мал ұрлығына қарсы операция: полиция төрт қылмыстық топтың жолын кесті
ІІМ мал ұрлығына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп, бұл бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айында Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында криминалдық полиция қызметкерлерінің мақсатты іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топтың жолы кесілді.
Күдіктілер қараусыз жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан.
Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал басы тәркіленді, қылмыскерлер қамауға алынды.
