Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полиция департаментінде баланы құтқарған азаматты марапаттады

Павлодар облысы полиция департаментінде баланы құтқарған азаматты марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мектептен үйіне қайтып келе жатқан баланың жанына аулада бейтаныс ер адам келіп, оның артынан кіреберіске дейін еріп барған. Бірінші қабатта ол баланы ұстап алып, күшпен жібермей қойған. Дәл сол сәтте кіреберіске курьер Ерлан Жұмағұлов кіріп келген. Бөгде ер адам курьерге баланы өз ұлым деп айтқан. Алайда Ерлан баланың қорыққан көзін көріп, оған сенбеген.

– Ер адамның мінез-құлқындағы өзгерісті байқаған соң, баланы босатуға сөзбен көндіруге тырыстым, бірақ нәтижесіз болды. Ол бәрібір өз сөзінен қайтпады. Сол үшін онымен арпалысуға тура келді. Сол кезде ғана ол баланы жіберіп, оқиға орнынан қашып кетті. Полицейлер күдіктінің жеке басын бейнебақылау камералары арқылы анықтады, – дейді Ерлан.

Азаматтық ерлігі үшін Ерлан Жұмағұловты Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапаттады.

– Сіз нағыз азаматтық ерліктің және мейірімділіктің үлгісісіз. Адамға көмек қолын созу – құрметке лайық асыл қасиет. Мұндай қадамға кез келген адам бара бермейді. Өңірімізде осындай батыл азаматтардың бары қуантады. Өскелең ұрпақ сізден үлгі алады деп сенемін, – деді Жандос Орынбаев.

– Менің ойымша, кез келген ер адам осылай істер еді. Бұл – менің азаматтық борышым. Басқаша болуы мүмкін емес, – дейді ержүрек азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру