Елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін "Deep Robotics Lite 3" роботтары енгізілді
Астанада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін "Deep Robotics Lite 3" төрт аяқты роботтары енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтауда жаңа технологияларды кеңінен қолдануда. Соның ішінде Deep Robotics Lite 3 атты төрт аяқты роботтың ерекше тиімділік танытуда. Роботтар қоғамдық орындарда, концерттерде, жиналыстар мен мәдени шараларда қолданылады.
Олардың негізгі міндеттері қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды тіркеу, көпшіліктің арасынан тұлғаларды анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатер жағдайларын уақытында анықтау және оған жедел әрекет ету, төтенше оқиғалар кезінде полиция қызметкерлеріне қосымша қолдау көрсету.

Deep Robotics Lite 3 роботтарының артықшылығы – жылдам қозғалады, сенсорлар мен камералар арқылы мәлімет жинап, нақты талдау жүргізеді. Робот тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істей алады, адам күшін қажет етпей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Полицияның үйлесімді жұмысы мен робот-иттерді тиімді пайдалануының арқасында Астанадағы қоғамдық шаралар мен концерттер оқыс жағдайсыз өтіп, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. Бұл технологиялық жаңалық құқық қорғау органдарының қызметін заманауи, тиімді және қауіпсіз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Алдағы уақытта Deep Robotics Lite 3 роботтарының қолданылу ауқымы кеңейіп, қаланың барлық қоғамдық орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі құралдардың біріне айналуы жоспарланып жатыр.
