Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: Астанада онлайн зорлықтың алдын алу жолдары талқыланды
14 қарашада Астанада "Қазақстандағы балаларды онлайн зорлықтан қорғау" бағдарламасының үйлестіру комитетінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағдарлама Safe Online жаһандық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Отырысты бағдарламаның үйлестірушісі — ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай басқарды.

Қатысушыларға бағдарламаны іске асыру нәтижелері және балаларды цифрлық ортада қорғау бағытындағы негізгі жетістіктер таныстырылды. Сонымен қатар жұмысты әрі қарай тиімді үйлестіру және басым бағыттарды талқылау мәселелері қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша бағдарламаны ары қарай іске асырудың негізгі бағыттары айқындалды.

