Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында заңсыз аңшылықтың алдын алу және табиғатқа зиян келтіретін құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында табиғат қорғау полициясы мен Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағанды – Есенгелді автожолында браконьерлікке күдік келтірілген екі азаматты ұстады.

Түнгі рейд кезінде тәртіп сақшылары 22 жастағы жүргізушісі бар автокөлікті тоқтатқан. Көлік ішінде 37 жастағы жолаушы болған.

Тексеру барысында полицейлер салоннан шамамен сайғаққа ұқсас жабайы жануардың тушасын, үш аңшы мылтығын және пышақты анықтаған. Ұсталған азаматтар заңды аңшылыққа рұқсат беретін ешбір құжат ұсына алмаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру