Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуде
Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық шараларын жалғастыруда. Аудан мешіттерінде 200-ге жуық тұрғынға киберқауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері интернеттегі кең тараған алаяқтық тәсілдерін таныстырып, банк карталарының деректерін құпия сақтау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз тұлғаларға сенбеу жөнінде ескертті.
Профилактикалық жұмыс аудан аумағындағы қоғамдық орындарда, сауда нүктелерінде, ойын-сауық орталықтарында және тұрғын үйлерді аралау арқылы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Жыл басынан бері киберқылмыстың алдын алу бағытында 30 мыңнан астам тұрғын ақпараттандырылды. Полиция азаматтарға күмәнді жағдай байқалған сәтте дереу "102" нөміріне хабарласуды ескертеді.
