Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қылмысты тоқтату" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында рейдтер жүргізуде. Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау .

Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелді: елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау, визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды.

Мәселен, жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында да анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды.

Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде. Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру