Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда 5 келіге жуық марихуана сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қостанайда 5 келіге жуық марихуана сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынды өсімдік тектес есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады. Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған қап және құрамында сондай зат бар 27 орам табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 килограмм 958 грамм болатын марихуана екені анықталды. Бұл — аса ірі көлем санатына жатады. Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар полиция тыйым салынған заттың жеткізу арнасын және мүмкін болатын сыбайластарын анықтау бойынша шаралар жүргізуде. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру