Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада автобуста газ баллонын қолданған азамат жауапқа тартылды

Астанада автобуста газ баллонын қолданған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада қалалық автобустың ішінде екі таныстың арасында жанжал шығып, 18 жастағы жігіт жабық кеңістікте газ баллонын қолданып, автобустан шығып бара жатқан досының жағына бүріккен. Газдың шашылуына байланысты жолаушылар жөтеліп, демалуы қиындай бастаған. Автобус жүргізушісі бірден көлікті тоқтатып, салонды желдетіп, полиция шақырған.

Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Полицейлер тәртіп бұзған азаматтың жеке басын анықтап, сот шешімімен 5 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Полиция газ баллондары мен өзге де арнайы құралдарды қажетсіз және қоғамдық орындарда қолдану айналадағылардың денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Мұндай құрылғыларды жабық кеңістікте пайдалану әсіресе қауіпті.

Полиция азаматтарды арнайы құралдар мен өзге де әлеуетті қауіпті заттарды қолдану ережелерін сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырады. Адам зардап шегуі мүмкін жағдайларды әдейі туындату – заң бойынша елеулі жауапкершілікке әкеледі. Мұндай барлық құқық бұзушылықтар қолданыстағы заңнама және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында қатаң түрде жолын кесіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру