Қызылордада ҚАЖ мекемесінде студенттерге арналған ашық есік күні өтті
Қызылордада ҚАЖ мекемесінде студенттерге арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы бойынша №37 мекемесінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенттеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шара аясында мекеме бастығының орынбасары Ернияз Жеңіс студенттерге сотталғандардың ұсталу жағдайлары , мекеменің ішкі күн тәртібі туралы түсіндіріп, жазасын өтеушілердің жатын орындарымен , олардың тамақтанатын асханасын және кітапхананы аралап көрсетті.

Мұндай шаралар студенттердің құқықтық тәртіп саласындағы көзқарасын кеңейтіп, болашақ маман ретіндегі жауапкершілікті терең сезінуге,сонымен қоса адамгершілікке тәрбиелеу және өмірдің шынайы құндылықтарын түсіну үшін де маңызды.
