Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкен курьері ұсталды

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкен курьері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Цифрлық сату" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерінен өзіндік иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған бір түйіншек, 9 әйнек құрылғы, электронды таразылар, зип-пакеттер табылып, тәркіленді.

Бұдан бөлек, ішінен оқшаулағыш лентамен оралған және ақ түсті ұнтақ зат салынған 35 түйіншек шыққан ірі түйіншек тәркіленді.

Сондай-ақ күдікті полиция қызметкерлеріне есірткі жасырған орындарды көрсеткен, сол жерлерден тағы 10 түйіншек табылып, тәркіленді.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті үш ай бойы есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы заңсыз есірткі айналымының арналарыны анықтау және жолын кесуге бағытталған кешенді іс-шараларды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру