Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада азаматтардың өтініштері омниканалды жүйе арқылы тиімді қабылдануда

Елордада азаматтардың өтініштері омниканалды жүйе арқылы тиімді қабылдануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдауда заманауи омниканалды жүйені тиімді пайдаланып келеді. Жыл басынан бері жүйе арқылы 25 мыңға жуық өтініш тіркелді, бұл тұрғындарға өз құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде хабарлауға мүмкіндік береді.

Мысалы қала тұрғыны түнгі уақытта құрылыс объектісінде бетон құйылып, тұрғындардың тыныштығы бұзылып жатқаны жөнінде хабарлады. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері 22 жастағы азаматты жауапкершілікке тартты. Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, тұрғындардың тыныштығы қалпына келтірілді.

Омниканалды жүйе азаматтар мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру