Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер донорлық акцияға қатысты

Маңғыстауда полицейлер донорлық акцияға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД ЖҚАЖ, патрульдік полиция қызметкерлері, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары облыстық қан орталығына барып, өз еркімен қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үлес қосты.

Акцияның мақсаты — донорлық мәдениетті дамыту, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қанға мұқтаж азаматтарға нақты қолдау көрсету.

Қатысқан әрбір полицей ауыр жағдайда жатқан науқастардың, жарақат алған азаматтардың және күрделі операцияға дайындалып жатқан адамдардың өмірін сақтауға үлес қосуда.

Полиция қызметкерлері донор болудың маңызын атап өтіп, облыс тұрғындарын бұл игі іске бейжай қарамауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру