СҚО-да полицейлер әйелдерге өзін-өзі қорғау бойынша оқу-жаттығу өткізді
СҚО-да полицейлер әйелдерге өзін-өзі қорғау бойынша оқу-жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда полицейлердің бастамасымен өзін-өзі қорғау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Сабаққа колледждердің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ СҚО-дағы "Ассамблея Жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қыз-келіншектердің заңды құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру дағдыларын және психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Мастер-класс Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында өтті. Оған СҚО ПД арнайы жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері және Кёкушинкай каратэ облыстық филиалының споршылары қатысты.

Кездесудің басты қонағы биыл полиция қатарына қосылған әлем чемпионы Наталья Богданова. Қатысушылар оның өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу, зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету негіздері туралы айтқан тәжірибесін зор қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шараны ұйымдастыруға СҚО әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Петропавл қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің отбасыны қолдау орталығы мамандары атсалысты.

Шеберлік сабағы 25 қарашада басталған "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн бойы белсенді іс-қимыл" халықаралық акциясы аясында өткізілді. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әйелдерге олардың құқықтары мен отбасыдағы қылмыстық әрекеттерден қорғану тәсілдерін түсіндіру бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыруда.
"Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасының аясында атқарылып жатқан бұл жұмыс әрбір отбасыда тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
