Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД қызметкері республикалық додада жоғары нәтиже көрсетті

8–10 желтоқсан аралығында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында алғаш рет "Үздік маман" республикалық байқауы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқау бекітілген Ережеге сай ұйымдастырылып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, бастамашылықты арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту мақсатын көздеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұйымдастырды.

Республика бойынша барлық мекемелердің өкілдерін қамтыған бұл байқау жаңа форматта алғаш рет өткізілді. Қатысушылар теориялық және практикалық кезеңдер арқылы өздерінің кәсіби даярлығын, құзыреттілігін, сондай-ақ күрделі жағдайларда жедел әрі дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттерін көрсетті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің намысын бұл додада Миржан Мендиғалиев қорғап, жоғары жауапкершілігін, кәсібилігін және қызметтік міндетіне деген адалдығын айқын танытты.

"Үздік маман" байқауы қызметтің беделін арттырып қана қоймай, озық тәжірибені таратуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға да серпін берді. Қатысушылар мұндай шаралардың кәсіби дайындықты жетілдіру мен қызметтік тәртіпті күшейту ісінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру