Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданында полицейлер жергілікті тұрғынның 10 бас қойын жайылымнан жымқырды деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді. Белгілі болғандай, күдікті жігіт ауыл тұрғыны болып шықты. Ол күндізгі уақытта көршісінің үй маңайында жайылып жүрген қойларын ұрлап кеткен.

Содан ұрлық ізін жасыру мақсатында қойларды көрші ауылға апарып, арзан бағаға сатқан. Полиция қызметкері күдіктінің бұдан бөлек мал ұрлығының 2 фактісіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге 3 миллионнан астам шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері қолды болған ұсақ малдарды аман-есен тауып, заңды иелеріне тапсырды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру