Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автокөлік иесі айыппұлдан жалтарып, мемлекеттік нөмірлерді ауыстырып отырған

Ақтөбеде Infiniti автокөлігінің иесі айыппұлдан жалтарып, мемлекеттік нөмірлерді ауыстырып отырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеуде тұрған Infiniti автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан көршілес мемлекеттің екінші мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды.

Жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бейнебақылау камералары арқылы тіркелуінен жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірлерді ауыстырып отырғаны анықталды. Камера жазбаларын тексеру барысында екі түрлі нөмірмен жол қозғалысы ережесін бұзудың 26 дерегі тіркеліп, айыппұл сомасы 700 мың теңгеден асты.

Сонымен қатар деректер базасы бойынша жүргізілген тексеру кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген тағы бір Infiniti автокөлігінің бар екені анықталды. Аталған екі автокөліктің VIN-кодтары бірдей болып шықты, яғни олар егіз-көлік ретінде тіркелген.

Екі автокөлік те полиция бөлімінің аумағына қойылып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша толық тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру