Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіпсіздік үшін:

  • аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды;
  • алыс сапарларды кейінге қалдыруды;
  • жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;
  • қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды;
  • көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз.

- Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру