Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда өткен жылы бейнебақылау арқылы 24 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодарда өткен жылы бейнебақылау арқылы 24 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 24 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

ЖБО -ның негізгі міндеттері – қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар мен өтініштерді қабылдау, полицияның жедел әрекет етуін қамтамасыз ету және олардың оқиға орнына уақытылы жетуін бақылау.

Бейнебақылау камералары түрлі құқық бұзушылықтарды тіркейді. Қоғамдық орындарды ластау, ұсақ бұзақылық секілді әрекеттер инспекторлардың назарынан тыс қалмай, ақпарат жедел түрде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жеткізіледі.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел басқару орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 196 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 24 729 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 2 094 – ұсақ бұзақылық, 2 871 – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, 16 758 – жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі, – деді Павлодар облысы ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.

Азаматтардан жиі түсетін шағымдар отбасылық жанжалдар, сағат 22:00-ден кейінгі тыныштықты бұзу, сондай-ақ аула аумақтарында автокөліктерді заңсыз қою мәселелеріне қатысты.

Полиция заңсыз әрекеттер жасалса, дереу "102" нөміріне хабарласу керегін ескертеді. Көмек уақтылы көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру