Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды

Жетісу облысында көлікті заңсыз айдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу ауданында автокөлікті заңсыз иемдену дерегі тіркелді. Полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта Жансүгіров ауылындағы кәсіпорын ғимаратының алдында белгісіз адам зауыт аумағында тұрған өзіне тиесілі Toyota Camry автокөлігін айдап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Автокөлік қысқа мерзім ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды. Бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес, күдіктінің зауыт аумағынан шығып, көлікті айдап кеткен сәті анық көрінеді.

Тексеру барысында ол әріптесі демалып жатқан сәтті пайдаланып, рұқсатсыз автокөлікті алып, қызымен кездесуге бару үшін мінгенін түсіндірді. Дәл осындай ойланбай жасалған әрекеттер көбіне ауыр салдарға алып келеді. Көлік құралын заңсыз иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Полиция азаматтарды заңды сақтауға, өзгенің мүлкіне құрметпен қарауға және әрбір шешімнің салдары болатынын ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру