Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер тұрғынның пәтерінен экстракциялық опийді анықтады

БҚО-да полицейлер әйелдің пәтерінен экстракциялық опийді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз дайындау және сақтау дерегін анықтап, әшкереледі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1981 жылы туған күдіктіні ұсталды. Тінту жүргізу кезінде оның пәтерінен медициналық шприцтер, өзіне тән иісі бар қара түсті зат салынған ыдыс, сондай-ақ сұйықтығы бар пластикалық ыдыстар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі құралы — экстракциялық опий екені анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру