Оралда полиция жанармай құю бекетіндегі ықтимал қауіптің алдын алды
Оралда полиция жанармай құю бекетіндегі ықтимал қауіптің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оралдағы жанармай құю бекеттерінің біріне полиция жасағының түнгі уақытта шұғыл шығуына себеп болды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері самбо әдістерін қолданып, 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан пневматикалық және старттық оқсыз тапаншалар тәркіленді.
Анықталғандай, ер адам мас күйінде жанармай құю бекетіне кіріп, темекі сатып алып, сыртқы түрі қаруға ұқсас заттарды көрсеткен. Алайда жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне қатысты ешқандай қауіп немесе қоқан-лоққы білдірмеген.
Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қвуіп төндіретін кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып, дереу тоқтатылатынын ескертеді.
