Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұртқа жақын полицей: учаскелік инспектордың бір күні

Қызылорда қаласы полиция басқармасында қызмет етіп жүрген учаскелік полиция инспекторының қызметі жайлы Polisia.kz сайтынан оқи отырыңыздар.

Учаскелік полиция инспекторы – құқық бұзушылықтың алдын алудағы басты адам. Ол құқықтық тәртіпті, көші-қон мәселесін, аумақты, қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады, сотты болған тұлғаларды бақылауға алады. Өзінің функционалдық міндеттеріне байланысты учаскелік полиция қызметкері халықпен тікелей байланыста болады. Бұл "жұртқа жақын полицей" қағидатының мақсатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Полиция капитаны Әмірхан Жайсанбаев Қызылорда қаласындағы Ақмешіт мөлтек ауданының учаскелік инспекторы болып қызмет етеді. Учаскелік полиция қызметкері – бірнеше міндеттерді орындайтын әмбебап полицей: азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, белгілі бір адамдарға профилактикалық есеп жүргізеді, жалға алынған тұрғын жайды бақылайды, пәтерлерді аралайды, өз құзыреті шегінде құқықтық және басқа да көмек көрсетеді.

Оның жұмыс күні таңертеңгі саптық жиыннан басталады, жиында Қызылорда қаласы полиция басқармасының басшылығы қажетті ақпараттар, қылмыстардың қысқаша мазмұны, бағдарлау, осы күні орындалатын негізгі міндеттерге қатысты тапсырмалар береді.

Сондай-ақ ол тұрғындармен кездесу өткізіп, онда өзекті мәселелерді талқылайды. Өз кезегінде ол азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етіп, қылмыстың алдын алуға көмектесетін ақпараттармен бөлісіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру