Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер тұрғынның үйінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті

СҚО-да полицейлер тұрғынның үйінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтар күні кешке Тайынша ауданында учаскелік полиция инспекторлары Талғат Бейсенбаев пен Ілияс Балғабай ауылды аралау жұмыстарын жүргізді. Олар барған үйлердің бірінде 54 жастағы ер адам мен оның 3 жасар қызы болған. Әңгіме барысында полицейлердің көз алдында пеш құбырының жанынан үйдің шатыры тұтанып кетті.

Полицейлер дереу ауылдық округ әкіміне хабар беріп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін қою түтінге қарамастан, үй иесі мен өтіп бара жатқан ауыл тұрғынымен бірге өртті оқшаулау шараларын қабылдады. Оқиға орнына келген әкім баланы әжесіне жеткізді.

Бөлмедегі өрт қызметтік автокөліктегі өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірілді. Алайда шатырда тақтайлар жана бастаған еді. Полицейлер шатырға шелекпен су көтеріп, отты сөндіру арқылы өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Соның арқасында ірі материалдық шығынның алдын алды. Өртті толықтай өрт сөндіру жасағы жойды.

Тәртіп сақшылары пешпен жылынатын үйлерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салады. Пештің техникалық жағдайын бақылап, оны дұрыс пайдалану, түтін шығатын мұржаның бітелуіне жол бермеу және сенімді оқшаулауды қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру