Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қарсы профилактика күшейтілді
Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қарсы профилактика күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полиция қызметкерлері тұрғындар мен такси жүргізушілері арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шаралар Келес ауданы, Абай ауылының орталық базары маңында өтті.
Іс-шара барысында полицейлер азаматтарға алаяқтардың ең кең таралған амалдары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ күдікті сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден сақтану жолдарын еске салды.
Сонымен қатар, азаматтарға жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы, банк карталарының мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеу, сондай-ақ күдікті жағдай туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтыққа қарсы тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
