Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полиция әскери қызметкерлерге экстремизмге қарсы профилактикалық кездесу өткізді

Түркістанда полиция әскери қызметкерлерге экстремизмге қарсы профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері әскерилерге діни радикалды ағымдардың қаупін түсіндіруге бағытталған дәріс өткізді.

Кездесу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбай Жұмаділдаев радикалдануға ықпал ететін факторларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Қызмет атқарып патрульдеу барысында және күнделікті өмірде қауіпті көріністерді уақтылы анықтау тәсілдерін түсіндірді. Діни экстремизмнің алдын алу, соның ішінде радикалды идеологиялардың деструктивті әсерінен қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері экстремизмге қарсы тұру барлық мүдделі құрылымдардың келісілген күш-жігерін қажет ететін ортақ міндет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру