Түркістан облысында кеден бекетінде профилактикалық іс-шара өткізілді
Түркістан облысында кеден бекетінде профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Б.Қонысбаев кеден бекетінде профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында полиция қызметкерлері кеден бекетінің алдында жиі орын алатын жол кептелістерін болдырмау мақсатында ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген талаптарды орындау, қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Яғни кеден бекеті маңындағы кафе, дүкен және өзге де қоғамдық орындардың иелерімен, сондай-ақ тұрғындармен жеке-жеке кездесулер өткізіліп, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы түсіндірілді. Белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларға сенбеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, онлайн сауда кезінде сақ болу қажеттігі ескертілді.
Мұндай профилактикалық рейдтерді өткізу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.
