Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жазаны ауыстыру мәселесі бойынша көрсетілімдік ашық сот отырысы өтті

Астанада жазаны ауыстыру мәселесі бойынша көрсетілімдік ашық сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданының пробация қызметі Байқоңыр ауданының прокуратурасымен бірлесіп, жазаны ауыстыру мәселесі бойынша көрсетілімдік ашық сот отырысын ұйымдастырды.

Сот отырысы барысында пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде орындамаған бір есептегі тұлғаға қатысты материалдар қаралды. Аталған сотталған адам тіркеуге уақтылы келмеген, белгіленген шектеулерді сақтамаған, оның ішінде тұрғылықты мекенжайында белгіленген уақытта болмаған. Аталған заң бұзушылықтар электрондық бақылау құралдарының көмегімен анықталды.

Сот шешімімен сотталғанға тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Аталған іс-шара қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алуға және пробациялық бақылау талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын түсіндіруге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру