Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында есептегі азаматтар тексерілді

Таразда құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында есептегі азаматтар тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту мақсатында түнгі тексеру іс-шарасы өтті. 20 қаңтарда Тараз қаласының прокуратурасы, №1, 2 және 3 пробация қызметінің бөлімдері, қалалық полиция басқармасына қарасты "Әулие ата", "Жібек жолы" полиция бөлімдері қызметкерлерімен құралған мобильді топтар бірлесіп, қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша түнгі уақытта тексеру іс-шарасын өткізді.

Барлығы 9 мобильді экипажға бөлінген топ Тараз қаласының "Әулие ата" және "Жібек жолы" аудандарында есепте тұрған 106 сотталған тұлғаны тексерумен қамтыды. Аталған іс-шара барысында сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекетіміздің басты бағыты болып табылатын "Заң мен тәртіп" қағидатын мүлтіксіз орындау жөнінде жан-жақты профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала аумағында құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыстың алдын алуға бағытталған бұл іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру