Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ІІМ оқу орындарына түсу талаптары түсіндірілді

Павлодарда ІІМ оқу орындарына түсу талаптары түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Қазтұтынуодағы Экономикалық колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарына түсу шарттарын түсіндіру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында білім алудың артықшылықтары, оқуға түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтік болашақ туралы ақпарат берді. Сонымен қатар кәсіби даярлық, мансаптық өсу және полиция қызметінің қоғам мен мемлекет үшін маңызына ерекше назар аударылды.

Студенттер белсенділік танытып, мамандықтар, оқу шарттары және оқу орнын бітіргеннен кейінгі қызмет өткеру тәртібі туралы сұрақтар қойды. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

– Жалпы, үгіт-насихат жұмыстары ішкі істер органдарына қызметтік міндеттерін тиімді атқара алатын, лайықты, кәсіби қызметкерлердің келуіне бағытталған, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы Бейбіт Жақыпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру