Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді.

Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру