ШҚО-да полицейлер концерт кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті
ШҚО-да полицейлер концерт кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Maxi Mall" ойын-сауда орталығында танымал орындаушылар Mирас Жүгінісов пен Sadraddin-нің қатысуымен айтулы музыкалық кеш өтті. Концертке 10 000-нан астам көрермен жиналып, бұл шара Өскемендегі жыл басынан бергі ең ірі бұқаралық іс-шаралардың біріне айналды. Мерекелік атмосфераның сақталуы полицияның нақты ұйымдастырылған және үйлесімді жұмысының нәтижесі болды.
ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері кешен ішінде де, оған іргелес аумақта да қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген режимде қызмет етті. Кіру аймақтарында бақылау, келушілер легі мен жол қозғалысын реттеу, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Адам көп жиналған жағдайда балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Тәртіп сақшылары ата-анасынан көз жазып қалған кәмелетке толмағандарға жедел көмек көрсетіп, қысқа мерзімде оларды отбасыларына табыстап отырды.
Кештің ең есте қаларлық сәттерінің бірі — арнайы мақсаттағы бөлініс полицейінің игі ісі болды.Ол қызмет бабында жүрсе де, кішкентай қала тұрғынының өтінішін аяқсыз қалдырмай, оның арнайы дайындаған сыйлығын кумиріне табыстады. Бұл қарапайым, бірақ шынайы әрекет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жылы пікірлер жинады. Бұл жағдай қатаң тәртіптің артында әрқашан көмекке дайын ашық жүректі жандар тұрғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Құқықтық тәртіпті сақтаумен қатар, ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көрермендерге интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары айтылып, жеке деректер мен қаражатты қорғау бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды. Қабылданған шаралардың арқасында іс-шара ешқандай заң бұзушылықсыз өтті.
— Бұл ортақ жұмыстың нәтижесі. Сол кеште мыңдаған дауыс бір арнада тоғысқандай, қаладағы тұрақтылық та полицияның үйлесімді іс-қимылы мен азаматтардың саналылығы арқасында орнайды.
