Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция мен қоғам өкілдері бірлескен рейд жүргізді

Алматы қаласында "Қауіпсіз курьер", "Келімсек" және "Құқықтық тәртіп" кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында қаладағы қоғамдық ұйым өкілдері полиция экипаждарымен бірге рейдтік шараларға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық өкілдер жағдайды өз көздерімен көріп, нақты көрініске куә болды: кейбір курьерлер жол қозғалысы ережелерін бұзады, олардың арасында заң талаптарын сақтамай жұмыс істейтін шетел азаматтары да бар.

Рейд нәтижесі полиция жұмысының жүйелі, ашық әрі нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетті. Әрбір құқық бұзушылық тіркеліп, әрбір курьерге қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

– Бүгін қоғамдық өкілдер біздің тек құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жағдайды нақты бақылауда ұстап отырғанымызға көз жеткізді. Курьерлерге, оның ішінде аккаунттарды заңсыз пайдаланып жұмыс істейтін шетел азаматтарына қатысты жедел әрекет жасалуда. Әрбір рейд – бұл профилактика, құқық бұзушылықтарды анықтау және қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз ашық жұмыс істейміз, қоғаммен бірге әрекет етеміз және нақты нәтижені көрсетіп отырмыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Рейд қорытындысы бойынша қоғамдық ұйым өкілдері өз байқауларымен бөлісіп, бірқатар конструктивті ұсыныс айтты. Бұл ұсыныстар профилактикалық жұмыстарды жетілдіру және мақсатты іс-шаралардың тиімділігін арттыру барысында ескерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру