Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ академиясында “Үздік тергеуші” мен “Үздік заңгер” байқауы жалғасуда

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының базасында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” байқаулары аясындағы іс-шаралардың екінші күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес, байқаудың екінші күні қатысушылар үшін кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оқиға болған жерді оқу-жаттығу форматында қарау, сондай-ақ процессуалдық шешім әзірлеу — күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығару жүргізілді.

Сонымен қатар студенттер мен курсанттар жағдаяттық тапсырмаларды шешу барысында теориялық дайындық деңгейін және құқық қолдану дағдыларын көрсетті.

Бағдарламаның мәдени-танымдық бөлігі аясында қатысушылар Қарағанды облысының авиациялық базасына, сондай-ақ КарЛАГ музейіне барып, өңірдің тарихи мұрасымен танысты.

Байқаудың екінші күнін өткізу қатысушылардың тәжірибелік дағдыларын бекітуге, аналитикалық ойлауын дамытуға және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру