Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді

Жетісу облысы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібін нығайтуға және заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға бағытталған профилактикалық семинар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында негізгі назар мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытты масаң күйде болуына жол бермеуге, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта пайдаланудың алдын алуға аударылды. Сонымен қатар көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері де жан-жақты түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары мен жауапкершілік шаралары туралы кең көлемде ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар мен түрлі жағдайларды талқылады. Бұл өз кезегінде тақырыпты тереңірек түсінуге және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан есірткі және психотроптық заттарды қолданудың зияны мен заңнамада қарастырылған жауапкершілік шараларын көрсететін бейнематериалдар ұсынылды.

Семинарға барлығы 82 мемлекеттік қызметші қатысты.

- Заңды сақтау - жай ғана талап емес, қоғам сенімінің негізі. Мемлекеттік қызметші қызметте де, күнделікті өмірде де заңға бағынудың үлгісін көрсетуі тиіс, - деп атап өтті қатысушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру