Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тәртіп сақшылары “Адал полиция қызметкері” турнирінің жеңімпазы атанды

Елордалық тәртіп сақшылары “Адал полиция қызметкері” турнирінің жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында ішкі істер органдарының түрлі өңірлерінен келген командаларды, соның ішінде Астана қаласы, көліктегі полиция, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы департаменттерінің өкілдерін біріктірген “Адал полиция қызметкері” атты республикалық онлайн-интеллектуалдық ойын турнирі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы полиция департаментінің командасы бірінші орынды иеленді. Қатысушылар жоғары құқықтық мәдениетті, стратегиялық ойлау қабілетін және кәсіби жағдайларда жедел шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Іс-шара аталған республикалық акция аясында өтіп, полиция қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

Турнир барысында қатысушылар бірқатар зияткерлік сынақтардан өтіп, ситуациялық кейстерді шешіп, құқықтық нормаларды талдап, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті.

Астана қаласы полиция департаментінің командасы криминалдық полиция, тергеу және анықтау қызметі, патрульдік полиция полкі, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс басқармасы мен қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінен құралды. Мұндай ведомствоаралық ынтымақтастық әр қатысушының кәсіби тәжірибесін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жоғары нәтиже көрсетуге ықпал етті.

Елордалық команданың жеңісі жоғары дайындық деңгейі мен жүйелі жұмыстың дәлелі болды. Астана қаласы полиция департаменті алдағы уақытта да кәсіби мәдениетті дамытуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған бастамаларды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру