Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Атырау облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ол өңірдегі №15, №75 және №79 мекемелерінің қызметімен танысып, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін тексерді. Сонымен қатар сотталғандарды ұстау жағдайы, заңдылықтың сақталуы және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуына ерекше назар аударды.

Мекеме қызметкерлерімен жедел кеңес өткізіліп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қызмет тиімділігін арттыру, тәртіпті күшейту және заң талаптарын сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметін жетілдіру және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру