Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды

Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Полиция мәліметінше, шет мемлекет азаматы ұсталған. Тінту барысында мефедрон болуы мүмкін 120 түйіншек табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауы тиіс болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тергеу кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың күшейтілген режимде жалғасып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру