Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгілі дәстүрлі әнші жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады

Белгілі дәстүрлі әнші жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Тайман Аңшыбаев өңірге белгілі дәстүрлі әнші, термеші Оспан Құлсымақпен бірге арнайы кездесу өткізді.

Жол бойындағы кездесу мен сұхбат барысында Оспан Құлсымақ өзінің өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі – жол-көлік оқиғасына ұшыраған сәтін еске алып, апаттан кейін 18 күн бойы комада жатқанын айтты. Өнер иесі сол оқиғадан кейінгі күрделі ем-дом кезеңі мен оның салдары туралы ашық әңгімелеп, жолдағы бір сәттік қателіктің адам тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін екенін жеткізді.

- Жолда бәрі де маңызды: жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік жүргізу мәдениеті мен жауапкершілік. Мен бастан өткерген жағдай ешкімнің басына түспесе екен деймін, – деді ол.

Кездесу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі, жүргізушілердің жауапкершілігі және жол ережелерін қатаң сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ Оспан Құлсымақ өңір тұрғындары мен жүргізушілерге арнайы үндеу жасап, жолда асықпауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің өміріне бейжай қарамауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру