Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер санаулы минуттың ішінде азаматтың өмірін аман алып қалды

Қостанайда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, көлік тізгінінде келе жатқан кезде денсаулығы күрт нашарлаған 47 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік міндеттерін атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлерінің жанына келіп, жеңіл көлік тоқтады. Көліктен шыққан әйел жолдасының рөлде отырған сәтте өзін жайсыз сезініп, инсульт белгілері байқалғанын айтып, көмек сұраған.

Жағдайдың шұғыл екенін бағамдаған полицейлер азаматты дереу медициналық мекемеге жеткізу туралы шешім қабылдады. Қызметкерлердің бірі науқастың көлігін тізгіндесе, екіншісі қызметтік автокөлікпен арнайы жарық сигналдарын қосып, жол бойындағы қозғалысты реттеп, кедергісіз әрі жылдам жетуді қамтамасыз етті.

Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде ер адам Тобыл қаласындағы жақын маңдағы ауруханаға жедел жеткізіліп, дәрігерлер қарауына тапсырылды. Кейін ол жансақтау бөліміне жатқызылып, қажетті медициналық көмек алды.

Тәртіп сақшыларының жеделдігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында азаматтың өміріне төнген қауіптің беті қайтарылып, дер кезінде көмек көрсетілді. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, адам өмірін сақтап қалуда да маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру