Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жас сарбаздар мен нәзік жандылар ант қабылдады

Қарағандыда жас сарбаздар мен нәзік жандылар ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде 1-2026 шақырылымының 220-ға жуық жас сарбазы салтанатты түрде Әскери ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берді.

Биылғы рәсімнің ерекшелігі – ант қабылдағандардың қатарында нәзік жандылардың болуы. Олар да ер азаматтармен қатар сапқа тұрып, әскери қызметтің жауапкершілігін мойындарына алып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты іс-шараға әскери бөлім басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Жиналғандар жас жауынгерлерге ақ жол тілеп, ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ аталмыш іс-шарада жас сарбаздар әсерлі патриоттық ән айтып көптің қошеметіне бөленді.

Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Ал нәзік жандылардың бұл таңдауы – әскери қызметтегі ерлік пен патриотизмнің тағы бір айқын дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру