Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер жаяу жүргіншілер тәртібін бақылауда

Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылуда. Бейнебақылау камералары арқылы жолды белгіленбеген жерден кесіп өту және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де құқық бұзушылықтар анықталып жатыр.

Анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жедел түрде жақын маңдағы полиция жасақтарына жолданып, тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Жетісу облысының аумағында жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған 8 709 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталып, жолы кесілді.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында полиция жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция ескертеді: жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Жолдағы бір сәттік абайсыздықтың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру