Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Есірткісіз қала" мотошеруі өтті

Атырау қаласында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында "Атырау – есірткісіз қала!" ұранымен мотошеру ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, профилактика жөніндегі кеңес мүшелері және Мотоциклшілер қауымдастығы бірлесіп өткізді.

Мотошеруге 20-ға жуық мотоциклші қатысты. Іс-шара барысында волонтерлер тұрғындарға есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық жадынамалар таратып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Бастаманың мақсаты – есірткіге қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, тұрғындардың профилактикалық іс-шараларға қатысуын арттыру және жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру