Астанада абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар жауапқа тартылды
Астанада абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және абаттандыру қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
Жыл басынан бері қоқысты заңсыз тастау, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзудың өзге де фактілері бойынша 38 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қала аумағын абаттандыруға қойылатын белгіленген талаптарды бұзған жауапкершілігі шектеулі серіктестікті анықтады. Осыған байланысты серіктестік басшысына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір тұрғынның, ұйым мен кәсіпорынның ортақ жауапкершілігі екенін еске салады. Көрікті әрі таза қала қоршаған ортаға құрметпен қараудан және белгіленген талаптарды сақтаудан басталады.
Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастырады. Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін абаттандыру қағидаларын сақтауға, өздеріне іргелес аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстауға және елорданың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырамыз.
