Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да учаскелік инспектор қызметінің қыр-сырымен бөлісті

ШҚО-да учаскелік инспектор қызметінің қыр-сырымен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың жұмысы тек заң талаптарының сақталуын бақылаумен шектелмейді. Бұл – балалармен, ата-аналармен және ұстаздармен күнделікті қарым-қатынас орнату. Баланың мәселесін дер кезінде байқап, оны тыңдап, дұрыс шешім табуға көмектесу маңызды.

Зайсан ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айбын Маратұлы мектептерге тұрақты түрде барып, оқушылармен кездеседі, профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндіреді.

Сонымен қатар ұстаздармен және ата-аналармен балалардың қауіпсіздігі мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылайды.

Бұл жұмыста заңды білу мен жауапкершіліктен бөлек, әр баламен тіл табыса білу, сеніміне кіру және дер кезінде қолдау көрсету де маңызды.

Өйткені балалардың қауіпсіздігі үлкендердің назарынан, шынайы жанашырлығынан және уақытылы әңгімесінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру