ШҚО-да есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Риддер қаласында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Toyota Caldina автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 34 жастағы жергілікті тұрғын болған, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің оғаш күйін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны расталды.
Сондай-ақ автокөлік салонын тексеру барысында ер адамның барсеткасынан қоңыр-жасыл түсті зат салынған түйіншек табылды.
Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 35 грамнан асатын марихуана екені анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
